Мейрим Дос Ожидает модерации

00:00 / 03:21
Loading
Скачать
0
44
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус + бэк
Свойства файла: 7,6 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 14.01.24
Текст песни «Дос»
  
Досыңа сыр ашқасын,
Басқаларға ашпасын.
Iс түссе егер басыңа,
Шын достарың қашпасын.

Қуанарсың, күлерсiң,
Досым бар деп жүрерсiң.
Кiмнiң жақын екенiн,
Қиындықта бiлерсiң.

Қайырмасы:
Шын достар жолыңда дос,
Барыңмен жоғың да дос.
Қал-жайыңнан алаңдап,
Амандасқан қолда дос.

Сүйген жарың, балаң дос,
Ақылың мен санаң дос.
Кiрлемеген арың дос,
Адам деген бағаң дос.

Атақ-даңқың барында,
Бәрi жүрер жаныңда.
Мақтағанға мастанба,
Қарапайым қабылда.

Үмiтiңдi үзбесең,
Өзiң басқан iзге сен.
Адаспайсың достықты,
Адалдықтан iздесең.

Нағыз достық табылмас,
Өсек сөзге жаңылмас.
Тiрлiк үшiн жүргендер,
Жәй күндерi сағынбас.

Уақыт шiркiн зырлайды,
Өтсе мойын бұрмайды.
Шын досыңды аяла,
Өмiр мәңгi тұрмайды.

Досым жоқ деп жылама,
Дос итерсе құлама.
Досың өзi бiлмесе,
Өкпелеме сұрама.

Күрсiнбегiн ей, досым!
Өзгерсе егер кей досың.
Балалықтың қайтадан,
Кие алмаймыз жейдесiн.

Бiлсең ата-анаң дос,
Әпкең менен ағаң дос.
Өзiңе өз ойың дос,
Туып-өскен далаң дос.

Досым жоқ деп мұңайма,
Күлiмдей бiл күн-айға.
Аттаған әр қадамың,
Дос емес пе құдайға.
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.