1. Ақ еден көңілі жарқырап,
Адалдығымен арқырап,
Інім деп құшақ жайғанда,
Қабағың неткен жарқын-ақ.
Таласып ақ сүт ембей-ақ,
Бір үйден өсіп өнбей-ақ,
Жанашыр болып кеттік-ау.
Бауырым болсың сендей-ақ,
Қ-сы:
Менің ағам керемет
Мұнан артық не керек
Қамқоршымыз болып жүр
Нұрын себелеп
Жеңешемді сыйлаған
Өзі жұртқа сыйлы адам
Ағам барда алдымда
Неге қиналам(-ын)
2. Асыңды менсіз татпадың,
Мен келмей жайлы жатпадың.
Іні боп жүрмін атырып,
Ағалығыңның ақ таңын.
Кіші деп қағып жасқамай,
Жаныңнан жүрсің тастамай
Еміренесің інім деп
Кеңесіңді де бастамай.
Қ-сы:
3. Бір шығып белес белеңге
Келемін мінген кемеңде.
Босайды-ау жаным елжіреп,
Ұл-қызың \"ағау\" - дегенде.
Ағамның алтын көшімін,
Мәңгіге бауыр досымын.
\"Сыйласу үшін екі адам
Бір тусын\" - деген бос ұғым.
Қ-сы: