Сөзің балдай сөйлегенің тәтті
Мың бұралып билегенің тәтті
Қарындасым, қарындасым
Жаны жайсаң аяулы аға сіз деп
Сағынғанда іздеп тұрам іздеп
Ағатайым, қарапайым.
Қарай берем қабағыңа
Арай төгем жанарыңа
Атса деймін әр таң алаңсыз
Ақ армандай аяулы ағам
Жан жылуын аямаған
Менің адал қамқор ағамсың
Қайырмасы:
Ботақаным, ботақаным
Еркелеші тағы да
Күнім менің гүлім менің
Жаздай жайнап жадыра
Еркелеймін, еркелеймін
Еркелейтін күн бар да
Күлімдеймін түңілмеймін
Алтын ағам тұрғанда.
Бауырыма басам сені еркем
Бір ғажайып күйді сонда шертем
Қарындасым-ай
Жұлдыздайын жарқырайсыз көктен
Сіз бар кезде күз көңілім көктем
Ағатайым-ай қарапайым.
Қарай берем қабағыңа
Арай төгем жанарыңа
Атса деймін әр таң алаңсыз
Ақ армандай аяулы ағам
Жан жылуын аямаған
Менің адал қамқор ағамсың
Қайырмасы:
Ботақаным, ботақаным
Еркелеші тағы да
Күнім менің гүлім менің
Жаздай жайнап жадыра
Еркелеймін, еркелеймін
Еркелейтін күн бар да
Күлімдеймін түңілмеймін
Алтын ағам тұрғанда.
Келші бірге, келші бірге
Ән салайық тағы біз
Хит боп кетсін бір-ақ күнде
Екеуміздің әніміз
Күнде-күнде, бірге-бірге
Жүрейікші ән салып
Екеуміздің әнімізге
Ел билесін тамсанып.