Білмедім сүйесің бе, сүймейсің бе сен
Сезбедім-ай сезбедім
Көрмедім сүйетінін жасырады ма
Көздерің-ай көздерің
Кеудеңде бірақ бір үміт сөнбейді
Сол үміт мәңгілік сөнбесін мейлі
Сүйеді бірақ та тек үндемейді
Ойланба жүрегің не дейді
Қайырмасы:
Сезімің болса
Уәдеңді бер
Қолыңды бер
Асығып кел
Айтуға жаным
Жүрегіңде мен жүрмін бе, жаным.
Күндерім бір сәтке де оралмайсың ба?
Уақытым-ай уақытым
Білмедің
Боласың ба, бола алмайсың ба
Бақытым-ай бақытым
Кеудеңде бірақ бір үміт сөнбейді
Сол үміт мәңгілік сөнбесін мейлі
Сүйеді бірақ та тек үндемейді
Ойланба жүрегің не дейді