Қанат Үмбетов Ғарыштағы ғашығым Ожидает модерации

00:00 / 05:20
Loading
Скачать
0
14
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 7,3 Мб 192 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 16.10.24
Текст песни «Ғарыштағы ғашығым»
  
1) Өзің барда нұрлы еді айналамның барлығы 
Күз келді де кеудеме басты мені бар мұңын 
Бақыт алыс жол қысқа артта қалды таң нұры 
Осы шығар жарығым жаратқанның жарлығы 

Жаным , жаным , жаным жаурады 
Сенсіз әінсіз әнім таудағы 
Өзіңді ойлай ойлай жаным жаным ауырады 

2) Сағым қолын бұлғаса сен екен деп ілестім 
Сенсіз өткен бір түнмен таң атқанша күрестім 
Мұңаяды жай ғана қабақ ашпай күлмес күн 
Есіме алып өткенді елесіңмен тілдестім 

Жаным , жаным , жаным жаурады 
Сенсіз әінсіз әнім таудағы 
Өзіңді ойлай ойлай жаным жаным ауырады 

3) Күн күрсініп аспанда ай жылады жасырын 
Сені қатты сағындым естисің бе асылым 
Тек өзіңді іздеумен өтеді әлі ғасырым 
Жолығармыз түбінде ғарыштағы ғашығым 

Жаным , жаным , жаным жаурады 
Сенсіз әінсіз әнім таудағы 
Өзіңді ойлай ойлай жаным жаным ауырады
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.