Асыл әжем,ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімдей ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған албарда,
Қозындаймын ойнақтаған аңғарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауғада қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.