Тыңдама мүмкіндік болса менің әнімді, әнімді
Түн ғана түсінер осы сәтте хәлімді, жанымды
Қалмашы жолыңнан қош бөгелме, шегінбе, егілме
Келмейді қолыңнан ештеңе де, сенің де, менің де
Бір келіп, сезім отын жағып кеттің, бір келіп
Қиын күйге салып кеттін бір келіп
Жұлдыз болып ағып кеттің көзімнен ай!
Бір келіп сырларымды танып кеттін, бір келіп
Жанар таудай жарып кеттің, бір келіп
Жүрегімді алып кеттің, өзіңмен
Сен үшін, ғашық боп нұрын сүйдім көктемнің, көктемнің
Сен үшін салқынын қара күздің жек көрдім, жек көрдім
Арада қамал бар алынбайды жалғанда, алданба
Тым жақын адамдар сағынбайды, сүймейді таңдаңба!
Бір келіп, сезім отың жағып кеттін, бір келіп
Қиын күйге салып кеттің бір келіп
Жұлдыз болып ағып кеттің көзімнен ай!
Бір келіп сырларымды танып кеттің, бір келіп
Жанар таудай жарып кеттің, бір келіп
Жүрегімді алып кеттің, өзіңмен