ЖАНЫМ
Сөзі: Бауыржан Әлқожа
әні: Сәкен Дәрібаев
Қандай жансың сөзі нұрлы,
Өзекті өртеп қылығың,-
Бұлқындырды- ау сезімімді,
Бұлғақтаған бұрымың.
Монтиған қыз, мөлдір көзді,
Сен жанымның сыңары...
Ұмыта алмай сол бір кезді,
Көргім келіп тұрады.
Қайырмасы:
Жаным, жаным, жаным,-Кермаралым
Егізісің жүректің.
Жаным, жаным, жаным- таңдағаным,
Көңіліме гүл ектің.
Жаным, жаным, жаным- күлімкөзім
Жымиғаның жан емі.
Баурағандай бойды шырын сөзің,
Әдебің де әдемі!
Күлімдейсің атқан таңдай,
Арбап ғажап көрікпен.
Құшақтасқан шақтар балдай,
Еліктіріп, еріткен.
Құлын мүсін, мөп-мөлдірім,
Бір кешейік тағдырды.
Кірпігіңнен сепкен нұрың,
Сезім отын жандырды.