Талдап өрген қара шаштарың.
Құлпырып тұр қара қастарың.
Мөлдіреген сұлу жанарыңды, 2 рет
Қай жүрекке қалқам сыйладың.
Ұшқан бақыт қайта қонбайды
Махаббаттың орны толмайды
Табамын ғой менде біреуді 2 рет
Бірақ ешкім сендей болмайды
Түсінсеңші қалқам жанымды.
Сұрасаңшы жаным халімді.
Сенсіз өткен әрбір күндерімді, 2 рет
Түсінсеңші қалқам жанымды.