Ерексің қалқам, өзгеше сенің тылсымың,
Ішімде жатқан, толқыды ау бүгін бір сырым.
Қалада жаңбыр, жабыққан жүрек қаяу мұң,
Сезгенде жүрек, сездіңбе жүрек дүрсілін.
Сыйласа тағдыр саралы сезім күздей мұң,
Сырымдеп, гүлім жырымдеп бүгін іздеймін.
Тәніңе емес, жаныңа дәру боламын,
Іздеме деме, іздеме деме, іздеймін!
Ойлаған жансың, намысың менен арыңды,
Жырларың кәусар, қаламың неткен қарымды
Бейнеңде әсем, аққудың балапанындай,
Баурайсың менің, баурайсың менің жанымды.
Сыйласа тағдыр саралы сезім күздей мұң,
Сырымдеп, гүлім жырымдеп бүгін іздеймін
Тәніңе емес, жаныңа дәру боламын,
Іздеме деме, іздеме деме, іздеймін!