Сыртыңнан қарайлаймын күнде мен
Сендік жүрек білмеген
Келіп жүрмін гүлменен
Нұр тұнған көздеріңе караймын
Арманысың талайдың
Сені ғана қалаймын
Кездеспесек те ұнайсың қалаймын сені
Жүздеспесек те бағым деп санаймын сені
Ойымнан кетпей
Қинадың талай күн мені
Неліктен айтпай жүрмін шынымды
Жасырғанмен сырымды
Кім ұғады мұңымды
Желіккен сөзім емес мендегі
Шын қадірін білмеді
Сырттай сені көргелі
Кездеспесекте ұнайсың Қалаймын сені
Жүздеспесекте бағым деп Санаймын сені
Ойымнан кетпей
Қинадың талай күн мені