Сыртыңнан қарайлаймын күнде мен
Сендік жүрек білмеген
Келіп жүрмін гүлменен
Нұр тұнған көздеріңе караймын
Арманысың талайдың
Сені ғана қалаймын
Қайырмасы:
Кездеспесекте ұнайсың қалаймын сені
Жүздеспесекте бағым деп санаймын сені
Ойымнан кетпей
Қинадың талай күн мені
Неліктен айтпай жүрмін шынымды
Жасырғанмен сырымды
Кім ұғады мұңымды
Желіккен сезім емес мендегі
Жанға тыным бермеді
Сырттай сені көргелі
Қайырмасы:
Кездеспесекте ұнайсың қалаймын сені
Жүздеспесекте бағым деп санаймын сені
Ойымнан кетпей
Қинадың талай күн мені